Бокс
Кеше 22:49
 

Жылдам болды. Қазақ пен өзбек боксшының айқасы ауыр нокаутпен бітті

  Пікірлер

blog.share

Жылдам болды. Қазақ пен өзбек боксшының айқасы ауыр нокаутпен бітті ©

Астанада өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Бауыржан Бекмұрзаев пен өзбекстандық Турдиали Турдибеков арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Астанада өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Бауыржан Бекмұрзаев пен өзбекстандық Турдиали Турдибеков арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақтағы боксшылардың айқасы алты раундқа есептелген болатын, алайда, бұл кездесу екіншісінде аяқталды. Бекмұрзаев қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. 

Алайда қазақстандықтың қарсыласы осыған дейін рингке бір-ақ рет шыққан

Әлі жеңіліп көрмеген Бауыржан бес айқасының бәрінде жеңіске жетіп отыр, оның төртеуін нокаутпен. Ал Турдибеков осыған дейін бір ғана жеңіске жетіп, енді міне бірінші рет жеңіліп отыр. 


Бұл бокс кешінің басты айқасында Али Ахмедов (23-1, 17 КО) польшалық тәжірибелі боксшы Мацей Сулецкимен жұдырықтасады (32-3, 12 КО). Бұл кездесуде екінші орта салмақтағы WBC Silver белбеуі сарапқа салынады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!