Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бірінші орта салмақтағы қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (4-0, 3 КО) дивизион жұлдызына айналарына сенім білдірді.
Тұрсынбай келесі айқасын 29 қазан Лондондағы бокс кешінде доминикандық Хуан Карлос Абреуге (23-6-1, 21 КО) қарсы өткізіп, WBC International титулын қорғайды.
"Орта салмақтарда өте жақсы қазақстандық боксшылар көп. Олардың бірі Құлахмет. Ол өте жылдам, техникасы мықты. Биыл ол әдемі нокаутпен өзіне назар аудартты. Оның қарсыластар деңгейі өсіп келеді, бұл оның дамуына жақсы.
Тәжірибелі доминикандықпен жекпе-жектен де үйренері болады. Әдемі айқас күтемін, өйткені ол қарсыласынан әлдеқайда мықты. Ол өз салмағының болашақ жұлдызы және МТК компаниясына жақсы актив болады", - дейді Смит.