26 қазан Алматыда өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіп, орта салмақта WBO International белбеуін қорғап қалған еді.
"Қарымта жанкүйерлер үшін үлкен жекпе-жек болады. Егер олар жұдырықтасуға келіссе. Жақсыдан үміттенейік. Ислам қайта жұдырықтасқысы келсе, біз келіссөздерге дайынбыз. Бүгін промоутер Нельсон Лопеспен сөйлестім, ол қарымтадан бас тартты.
Ислам Уолтермен қайта жұдырықтасудан қорқады, бұған ештеңе жасай алмайсың. Дәл қазір мен Уолтер үшін Намибияда жекпе-жек ұйымдастырамын. Исламның командасынан екінші жекпе-жек туралы ұсыныс келсе, оны өткізу үшін бәрін жасаймыз", - дейді Тобиас.