Бокс
20 шілде 2021 10:39
 

"Жұдырықтасқысы келсе, мен дайынмын". Тұрсынбай Құлахмет украиналық нокаутшымен жекпе-жек жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Жұдырықтасқысы келсе, мен дайынмын". Тұрсынбай Құлахмет украиналық нокаутшымен жекпе-жек жайлы Тұрсынбай Құлахмет. Сурет: Vesti.kz

10 шілде Алматыда МТК Global Kazakhstan менеджерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтті. Осы шоудағы жекпе-жектердің бірінде Тұрсынбай Құлахмет (4-0, 3 КО) ресейлік Алексей Евченконы (20-15, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын. Бастапқыда қазақстандық боксшы Станислав Скороходпен (20-2, 17 КО) шығу керек болған, бірақ, украиналық жарақат алып қалған еді. Осы орайда әуесқойлар арасында Азия чемпионы Vesti.kz тілшісіне жекпе-жек жайлы және Токио олимпиадасындағы спортшыларымыз туралы пікірімен бөлісті.

blog.share

10 шілде Алматыда МТК Global Kazakhstan менеджерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіпқой бокс кеші өтті. Осы шоудағы жекпе-жектердің бірінде Тұрсынбай Құлахмет (4-0, 3 КО) ресейлік Алексей Евченконы (20-15, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын. Бастапқыда қазақстандық боксшы Станислав Скороходпен (20-2, 17 КО) шығу керек болған, бірақ, украиналық жарақат алып қалған еді. Осы орайда әуесқойлар арасында Азия чемпионы Vesti.kz тілшісіне жекпе-жек жайлы және Токио олимпиадасындағы спортшыларымыз туралы пікірімен бөлісті.

- Алғашында Станислав Скороходпен рингке жолығуыңыз керек еді. Алайда белгілі себептермен қарсыласыңыз өзгерді.

- Расымен алғашында Скороходпен (20-2, 17 КО) кездесуім тиіс болған. Алайда украиналықтың жарақат алуына байланысты ұйымдастырушылар басқа қарсылас тауып берді. Аса қатты қиындықтар туындады деп ойламаймын. Шамамен 20 күн қалғанда қарсыласым Алексей Евченко болады деген ақапарат алдым. Қысқа уақыт аралығында ресейлік боксшыны командамызбен жан-жақты зерттедік.

- Алғашқы минуттарда ауыр соққылар жасап Евченконы нокдаунға түсірдіңіз. Сырттай қарағанда жекпе-жек бірінші немесе екінші раундтарда аяқталатындай көрінді.

- Бірінші раундта Евченконы нокдаунға түсірдім. Бірақ асығыстық танытқандай болдым. Себебі, бірінші раундтан кейін бапкерім асықпа, бірден күшке салма деген кеңесін берді. Бір жағынан алып қарасақ, Алексейдің басы қатты екен. Негізі мықты қарсылас болып шықты. 10-раунда құлатқаныма қарамастан, оңай шағылатын жаңғақ емес екен. Жасы да келіп қалған. Дегенмен, ерлік таныта білді. Кездесудің соңына дейін шыдап берді.

- Соңғы кездері үлкен бокс кештерінің алдында дайындықты Ұлыбританияда өткізіп жүрсіз. Спарринг қарсылас табу қиын емес пе?

- Осымен екі жекпе-жегімнің алдында арнайы Тұманды Альбионда жаттықтым. Барлығы ойдағыдай өтті. Керісінше спарринг қарсыластар өте көп екен. Өзімнен ауыр салмақтағылар да, оңақайы бар, солақайы бар. Менен ұзын бойлы былғары қолғап шеберлерімен жаттығу жасап шықтым.

- Әлеуметтік желіде жарақатынан айыққан Станислав Скороход сізбен қайта кездесуге ниетті екені жайлы ақпарат бар.

- Шынымды айтсам, өзім де сырттай Скороходтың менімен жұдырықтасқысы келетінін естідім. Өз басым жекпе-жекке дайынмын. Кімнің мықты екенін ринг көрсетеді.

- Осы аптада көптен күткен жазғы ойындардың алауы тұтанады. Спортшылармен хабарласып тұрасыз ба?

- Ең алдымен Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Ал бокс құрамасының жігіттерімен күн сайын байланыстамын. Боксшыларымыздың барлығынан жүлде күтуге болады. Жігіттер осыған дейін талай мәрте Азия және әлем чемпионаттарына барып шыңдалған. Сондықтан бағы мен бабы қатар келіп тұрса, қай қайсы болмасын жүлде алуға шамасы жетеді.

Жарнама

Живи спортом!