"Бұл жекпе-жеке бойынша екі ұшты ойдамын. Кездесу қорытындысына қарсылығым жоқ. Төрешілер не шешсе де, олар өз орындарынан көргенін айтады. Жеке маған GGG-дің жұдырықтасқаны ұнамады. Әсіресе екінші жекпе-жекте.
Головкин өзін шегіндіруге мүмкіндік беріп қойды. Халыққа "Канело" басым болып көрінді, қысым жасап жүрген сияқты. Маған орта салмақ патшасы қарсыласынан шеігнгені ұнамады. Тақ иесі керісінше, қарсыласын шегіндіру керек.
Головкин джебін толық қолданбады. Ол 12 раундта денеге бес соққыдан артық жасамады ғой. Ол бір соққымен шешуді ойлады. Ол қарсыласып, жұдырықтасуды қалайтыны көрінбеді. Егер GGG өзі айтатын мексикалық стильде жұдырықтасқанда, бұл мүлде басқа оқиға болатын еді.
Енді Головкин стратегиясын өзгертіксі келетіндігіне байланысты болады. Егер ол жылдамырақ қарқында жұдырықтасқысы келсе, бұл "Канелоны" тоқтататын жалғыз жол. Өйткені бұған дейін "Канело" өзіне ыңғайлы және GGG-ге қолайсыз қарқында жұдырықтасты.
Сонымен, Головкин "Канелоны" жылдамырақ жұдырықтасуға мәжбүрлесе, оны алты раундта нокаутқатүсіре алады. Қарқынды күшейту керек те, қарсылас сені ригке ортасында күтіп алғанда бірден бірнеше соққы жасау қажет. Осы кезде "Канело" бәсекелестікпен бетпе-бет келеді. Бұл оны соққы қайтаруға итермелейді, осы кезде оның ашылғанын күтесіз, қателік жасағанын", - дейді Бэнкс.