"Жұдырығы тастай қатты". Мурата Головкиннің соққылары жайлы
Желтоқсан соңында Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және Риота Мурата (16-2, 13 КО) титул біріктіретін айқасқа шығады. Алайда боксшылар мұнан бұрын GGG жаттығу лагерлерінің бірінде рингте кезіккен. Толығырақ Vesti.kz материалында.
Желтоқсан соңында Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және Риота Мурата (16-2, 13 КО) титул біріктіретін айқасқа шығады. Алайда боксшылар мұнан бұрын GGG жаттығу лагерлерінің бірінде рингте кезіккен. Толығырақ Vesti.kz материалында.
Бұл 2014 жылы болды. Головкин WBA және IBO титулдары сарапқа салынатын Дэниэл Гилмен жекпе-жекке дайындалып жатқан.
Головкин жақсы команда жинады да, әдеттегідей Big Bear аумағында жаттықты. Кең көлемді жаттығу лагеріне Мурата да қосылды, ол кезде жапониялық 2012 жылғы Олимпиададан кейін кәсіпқойға өткен болатын.
Төрт жекпе-жек өткізген Риота өзін жақсы жағынан көрсетті. Оның дағдылары GGG лагеріне пайдалы көрінді. Осылайша, жапониялық он күндік жиынға АҚШ-қа келді.
Мурата қатысқан дайындықтың негізгі бөлігі шыдамдылықты арттыруға бағытталды. Бұл үшін ауыр спаррингтер өткізілді. Бір раунд төрт минуттан болды, ал арасындағы үзіліс 30 секунд қана.
Куәгерлердің сөзінше, Риотаға бұл дайындық ауыр тиді. Дегенмен ол бұл ритмге шыдады. Сонымен қоса, ол енді үлкен айқастарға дайын болды, ал Big Bear-ден кетерде мүлде өзге адам болып шықты.
"Бұл мен үшін үлкен мүмкіндік еді. Мен ең мықты боксшылардың бірімен жұмыс істедім. Көп дүние үйрендім. Оның жұдырығы тастай қатты екен. Оның қарсыластарының барлығы күшін сезген болар. Ал мен ол лагерден кейін өзгердім - жетіле түстім", - деген еді сол кезде Мурата.
Енді міне жеті жылдан кейін боксшылар рингке спарринг үшін емес, нағыз айқас көрсетуге шығады.
Айта кетейік, ол кезде GGG Гилді үшінші раундта сұлатты.
Ал Муратамен жекпе-жек 29 желтоқсан Токиода өтеді.
Жарнама