"Жолыма тұрып алды". Жәнібек титулды жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 KO) болатын жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 KO) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 KO) болатын жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.
Әлімханұлы - Михайлович жекпе-жегі 13 шілде Лас-Вегаста болады. Бұл айқаста Жәнібектің белбеулері сарапқа салынады.
"Әлем чемпионы титулдарын қорғауды тағатсыздана күтіп жүрмін. Андрей Михайловичке құрмет білдіремін. Орта салмақтағы өзге чемпиондардың бәрі менімен жұдырықтасудан бас тартты, ал ол келісті. 13 шілде Лас-Вегаста қайтадан әлемге Qazaq Style-ды паш етемін. Абсолют атану сапары жалғасуда, Михайлович менің жолыма тұрып алды", - дейді Жәнібек.
Жарнама