Иордания елінде өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалында тағы бір боксшымыз шешуші айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
67 келідегі Дулат Бекбауовтың қарсыласы Таиланд елінің бкосшысы Бунджонг Синсири болды. Бұл кездесуде қазақ боксшы 3:2 есебімен жеңілді.
Айта кетейік, екінші раундта төреші Дулатқа нокдаун есептеді.
Осылайша, Бекбауов финалда сүрінген төртінші боксшы. Осыған дейін Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Сабырхан Махмұт күміс жүлдегер атанды. Алтын әзірге тек Санжар Тәшкенбайда ғана.