Жеті жүлде және бір финал. Қазақстан боксшылары АЧ-де "дүркіреп" жатыр
Қазақстандық боксшылар Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Төртінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынына кепілді түрде сегіз жүлде түсіп тұр.
Кеше Аида Әбікеева өзбекстандық Дильфуза Бекованы жеңіп, жартылай финалға жетті. Осылай ол кемі қола жүлдеге ілігіп отыр. Сонымен бірге, бұл қазақстандық боксшы жеңген Өзбекстан құрамасының екінші боксшысы.

Сонымен бірге, Милана Сафронова жекпе-жексіз жартылай финалға өтті.
Осылайша, Қазақстан құрамасынын жартылай финалға жеті боксшы және финалға бір боксшы өтіп отыр.
Жартылай финалдық жұптар мынадай:
63 кг: Аида Әбікеева (Қазақстан) - Тхананья Сомнуeк (Таиланд);
66 кг: Милана Сафронова (Қазақстан) - Навбахор Хамидова (Өзбекстан);
70 кг: Наталья Богданова (Қазақстан) - Анастасия Черноколенко (Украина);
75 кг: Диана Мағауияева (Қазақстан) - Лу Дием Квинь (Вьетнам) / Ян Ванг (Қытай);
81 кг: Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Cохиба Рузметова (Өзбекстан);
86 кг: Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) - Данило Жасан (Украина);
+92 кг: Айбек Оралбай (Қазақстан) - Джахонгир Зокиров (Өзбекстан);
Финал:
81 кг: Эльдана Талипова (Қазақстан) - Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан) / Мария Ловчинска (Украина).
Жарнама