Қазақстан құрамасының боксшылары Thailand Open турнирінде жарыс жолын жалғастыруда, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін жеті қазақ боксшы жартылай финалға жолдама үшін айқасады. Ертең, 6 сәуірде тағы үш боксшымыз рингке шығады.
Айта кетейік, жартылай финал жекпе-жектері 8 сәуірге жоспарланған, ал одан ары күні шешуші кездесулер өтеді.
Қазақтан шыққан әлем чемпионы қырғыз боксшыдан жеңілді
Трансляция Қазақстан астанасының уақытымен 11:00-де басталады.
Жекпе-жектер кестесі:
5 сәуір, 63 келіге дейін (ширек финал)
Санатәлі Төлтаев (Қазақстан) - Чу-Эн Лай (Қытайлық Тайпей)
Сұлтан Мүсінов (Қазақстан) - Ву Тан Дат (Ветнам)
69 келіге дейін (ширек финал)
Асыланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Маржон Пианар (Филиппин)
75 келіге дейін (ширек финал)
Тимур Нұрсейітов (Қазақстан) - Сумит (Үндістан)
Аятулла Тәкежанов (Қазақстан) - Борворн Кадамнуан (Тайланд)
91 келіге дейін (ширек финал)
Сағындык Тоғамбай (Қазақстан) - Нгуйен Ман Куон (Вьетнам)
Айбек Оралбай (Қазақстан) - Гаурав Чаухан (Үндістан)
Нокаут және берілуге мәжбүр етті. 12 қазақ боксшы жартылай финалға шықты