Бокс
8 маусым 2021 19:53
 

"Жеңісті жұлу керегін түсіндім". Қазақстандық боксшы алты дүркін әлем чемпионын қалай жеңгені жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Жеңісті жұлу керегін түсіндім". Қазақстандық боксшы алты дүркін әлем чемпионын қалай жеңгені жайлы Сурет: Olympic.kz

Азия чемпионатының финалында Назым Қызайбай әлемнің алты дүркін чемпионымен айқаста жеңіске жетіп, алтын жүлдені иеленген еді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы қыз құрлықтық жарысқа қалай дайындалғанын және шешуші жекпе-жек туралы айтып берді. 

blog.share

Азия чемпионатының финалында Назым Қызайбай әлемнің алты дүркін чемпионымен айқаста жеңіске жетіп, алтын жүлдені иеленген еді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы қыз құрлықтық жарысқа қалай дайындалғанын және шешуші жекпе-жек туралы айтып берді. 

51 келідегі финалда ол Олимпиаданың қола жүлдегері үндістандық Мэри Комнан басым түсті.

"Азия чемпионатына жақсы дайындалдық. Командада барлығы дерлік жеңіске жеткеніне қуаныштымын. 

Финал туралы айтсам, атақты спортшыға қарсы тұрдым, әуесқой бокстың аңызы десе де болады. 

Рингте бұрын да кездескенбіз. 2016 жылы. Ол кезде жаман жұдырықтаспадым, дегенмен, осы жолы супер дайындық болып, жеңіске жете алдым. 

Үш раунд толық жұмыс істедім. Бапкердің айтқаны солай болды. Жеңіске жету үшін әр кезеңді өз пайдама шешу керек болдым. Қалай дегенмен Мэри Ком өте тәжірибелі. 

Бірінші раундта басым түскенде, сенімділігім арта түсті. Жеңісті жұлып алу керегімді түсіндім. Бірақ салқынқандылықпен, сауатты жұмыс істеп. 

Кейінгі жылдары айтарлықтай жетістіктерім болған жоқ. Бұл жақсы дайндалғаныма қарамастан. Мұндай болады, спорт қой. Бастысы берілмеу қажет, ары қарай жаттыға беру керек. Міне жүлделі де болдық, айтулы жүлде. 

Алда әлем чемпионаты, ел біріншілігі бар. Демалатын уақыт болмайды. Әрдайым бабымызда жүру керекпіз, бір жарыс бітсе, екіншісі басталады. Ең маңызды турнир әрине ол әлем чемпионаты", - дейді Назым. 

Жарнама

Живи спортом!