Бокс
13 қараша 2020 10:14
 

"Жеңісті еліме, ата-анама арнаймын". WBC титулын иеленген қазақ боксшы

  Пікірлер

blog.share

"Жеңісті еліме, ата-анама арнаймын". WBC титулын иеленген қазақ боксшы Сурет: twitter.com/MTKGlobal

Қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) бірінші орта салмақта WBC International белбеуі үшін жекпе-жекте Маклей Макгоуэнді (14-1-1, 3 КО) жеңгеніне қатысты пікір білдіре отырып, өзі үшін титул өте маңызды екенін атап өтті. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жоспары туралы айтып берді. 

blog.share

Қазақстандық Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 КО) бірінші орта салмақта WBC International белбеуі үшін жекпе-жекте Маклей Макгоуэнді (14-1-1, 3 КО) жеңгеніне қатысты пікір білдіре отырып, өзі үшін титул өте маңызды екенін атап өтті. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жоспары туралы айтып берді. 

- Сенің қысымыңнан Макгоуэн бүкіл жекпе-жек бойы есеңгіреп жүргендей көрінді. Алайда кездесуге дейін сені жеңетініне сенімді еді. Қарсылас туралы не айтасың?

- Қарсыласым карьерасында 15 жекпе-жек өткізіп, он төртінде жеңіске жеткен, тәжірибелі және шыдамды. Жекпе-жекке дейін қатты сөйлегені рас, мені орныма қоймақшы болған екен. Сосын тамаша және тартысты айқас күттім. Алайда ол жекпе-жек кезінде ашық соққы алмасуға бармай, қатты қорғанды және қолды орай берді. 

- Бұл маңызды жеңісті кімге арнайсың?

- Бұл жеңісті еліме және ата-анам арнаймын. Олардың қолдауынсыз бұл жеңіс болмас еді! Жанкүйерлер қолдауын сезінгеніме қуаныштымын, бәріне алғыс білдіремін!

- Осы жеңістен соң Boxrec рейтингінде өз салмағыңда үздік жүздікке жақындадың. Ұйым рейтингтерінде де жоғарылайсың. Бұл жаңа мүмкіндіктер ашады ғой...

- Командам және мен үлкен жоспарлар құрып қойдық. МТК Kazakhstan және MTK Global-ға алғысымды білдіремін. Кәсіпқойдағы екінші жекпе-жегімде екінші деңгейлі титул жеңіп алдым, енді негізгі белбеуді иеленгім келеді. Барымды салып жаттығамын. Мықты деген кез келген қарсыласқа дайынмын. 

- Ендгі жоспар қандай, сені рингтен қайтадан қай уақытта көреміз?

- Енді елге оралып, отбасым мен достарымның арасында демалып алғым келеді. Содан кейін командаммен ары қарайғы жоспарды талқылаймыз. Сондықтан рингке оралатын уақытты дәл айта алмаймын. Дегенмен жақын арада қайта жаттығып, келесі жекпе-жекті күтемін!

Жарнама

Живи спортом!