"Меніңше, бұл болжам жасау қиын жекпе-жек. Жеке өзім кім басым екенін айта алмаймын. Мунгияда тәжірибе көбірек болар. Бірақ мұнда да бірдеңе айту қиын. Ортақ қарсыластары болған және Ислам кейбірін одан бұрын жеңген және анық басымдықпен.
Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы элитаға жолдама алады деген ойдамын. Ал жеңілген боксшы көп жоғалтады және титул үшін айқасу үшін үлкен жеңістерге жету керек болады", - дейді Стангрит.
БАҚ ақпаратынша, Ислам - Мунгия жекпе-жегі мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) кездесуінің андеркартында өтеді.
Қанат Ислам "Канело" кардында 28 нокауты бар мексикалық экс-чемпионмен жұдырықтасады