Америкалық белгілі Delcotimes.com сайтының редакторы Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне франциялық Арсен Гуламирян (24-0, 16 КО) ауыр салмақта WBA "қарапайым" чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменовке (18-2, 12 КО) неге қауіпті қарсылас екенін түсіндірді.
20 қаңтарда Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) осы жекпе-жекті 4 ақпанда өткізуге промоутерлік сауда белгіледі.
"Меніңше, Шүменовті ауыр сын күтіп тұр. Ол Алтункуяны жеңіп, боксқа әдемі оралды. Бірақ Гуламирянмен жағдай басқа. Франциялық боксшы қазір бабында. Соңғы төрт жекпе-жегінде қарсыластарын нокаутпен жеңді. Ол ауыр соққы жасай алатын жақсы нокаутшы. Шүменовтің көзінде айтарлықтай жарақат болған. Мұны ескерсек, Гуламирянмен жұдырықтасудан жеңіліп қалу ғана емес, карьераны аяқтау қаупі бар", - дейді МакКаферри.
Еске салайық, 35 жастағы Шүменов былтыр шілдеде техникалық нокаутпен Хизни Алтункаяны (31-3, 18 КО) жеңіп, WBA белбеуін иеленген. Бұл 2016 жылың мамырынан кейін қазақстандық боксшының алғашқы жекпе-жегі болды. 2017 жылы ол көзінің жарақатына байланысты карьерасын аяқтаған еді, былтыр қаңтарда ол бокстағы мансабын қайта жалғастыра бастады.

Жарнама