Бокс
9 желтоқсан 2021 10:03
 

Жеңіліс көрмеген. 23 жастағы боксшы титулды айқастан кейін карьерасын аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Жеңіліс көрмеген. 23 жастағы боксшы титулды айқастан кейін карьерасын аяқтады ©sports.ru

Ресейлік боксшы Владимир Мышев (12-0, 6 КО) карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы "Матч ТВ" арнасы хабарлады.

blog.share

Ресейлік боксшы Владимир Мышев (12-0, 6 КО) карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы "Матч ТВ" арнасы хабарлады.

7 желтоқсан Мәскеуде 23 жастағы Мышев жартылай орта салмақта WBC Youth Intercontinental титулын жеңіп алды. Осыдан кейін ол біраздан бері ауыр сырқатпен күрсесіп келе жатқандықтан карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. 

"2019  жылы маған Бехтерев сырқаты деген диагноз қойылды. Қазіргі таңда маған үнемі дәрі қабылдап, емдік шаралар жасау қажет. Бұл сырқатым жайлы ары барса жиырма шақты адам білетін, бокстан құр қол кеткім келмеді. Сондықтан ауруымды жасарып, барынша жаттықтым", - деді боксшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!