"Жеңілмейтін ешкім жоқ". Әлем чемпионы "Канеломен" жекпе-жекке қатысты батыл мәлімдеме жасады

Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат".
Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды "Чемпионат".
"Канело", мен рок-н-роллға дайынмын. Сен ұлыларды жеңбесең, ұлы бола алмайсың. Менің аяқпен жұмыс жасайтыным, дағдыларым және ойлай алуым Альваресті жеңуде шешуші рөл атқарады.
Сауль - біздің спорттағы басты адам және бокстың бейнесі. Мойындау керек, ол ешкімнен қашпайды, мықты қарсыластарды жеңеді. Бірақ жеңілмейтін ешкім жоқ. Менде оны жеңуге қажеттінің бәрі барына сенімдімін", - деп береді Сондерстің сөзін BoxingScene.
Жарнама