Бокс
Бүгін 09:32
 

Жеңілмеген проспект! Әлімханұлына рекорды 20-0 қарсылас табылды

  Пікірлер

blog.share

Жеңілмеген проспект! Әлімханұлына рекорды 20-0 қарсылас табылды ©The Irish Independent

Демалыс күндері Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен бокс кешінде британиялықтар Крис Юбенк (35-3, 25 KO) пен Конор Бенн (23-1, 14 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Демалыс күндері Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен бокс кешінде британиялықтар Крис Юбенк (35-3, 25 KO) пен Конор Бенн (23-1, 14 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Юбенк төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Адамес тағы да тіліне ие бола алмай отыр

Орта салмақта WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) әлеуметтік желі арқылы бұл жекпе-жекті сынап, тым төмен деңгейлі деп атады. Оның бұл пікіріне YouTube желісіндегі #RedCornerBoxing бокс арнасының аккаунты жауап берді:

"Карлос, Аарон Маккеннаға назар аудар! Ол – орта салмақта чемпиондық атаққа ұмтылып жүрген боксшы! Саған жартылай орта салмақтағы Бенн мен 35 жастағы Юбенк туралы алаңдаудың қажеті жоқ — оған екінші орта салмаққа өту керек. Маккенна бірнеше жекпе-жектен кейін саған және Жәнібекке (Әлімханұлы) қарсылас бола алатын мықтыға айналады".

Жеңіліп көрмеген ирландиялық боксшы Аарон Маккеннаның кәсіби рингтегі көрсеткіші – 20 жеңіс, оның оны нокаутпен.

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 KO) келер болсақ, ол соңғы рет 5 сәуірде Астанада шаршы алаңға шығып, франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта жеңіп, IBF және WBO белбеулерін қорғап қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!