Жеңілмеген нокаутшы мен қазақ чемпион қашан айқасатыны белгілі болды

Орта салмақтағы британиялық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) әлеуметтік желіде алдағы жекпе-жегіне қатысты пост жариялады.
Орта салмақтағы британиялық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) әлеуметтік желіде алдағы жекпе-жегіне қатысты пост жариялады.
Хамза жаттығу кезіндегі видеосын жариялап, жекпе-жек күнін атады.
"Жаттығу лагеріне оралдым, енді 22 ақпанды асыға күтемін! Толық ақпарат жуырда айтылады!", - деп жазыпты ол.
Еске салайық, WBO Ширазды ұйым чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) міндетті қарсылас еткен. Енді олардың жекпе-жегі ақпан айында Лондон (Англия) немесе Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді деген мәліметтер айтылуда.
Жарнама