Танымал мексикалық боксшы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) өз отанында аргентиналық Гонсало Корияны (21-6, 8 КО) жеңгеннен кейін қазақстандық Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Мексика жерінде өткен айқаста Мунгия қарсыласын үшінші раундта жеңді. Негізі осы жеңістен кейін ол Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы атануға үміткер болды.
Алайда Мунгия Әлімханұлымен емес, Головкинмен кездесуге ниетті екенін айтты.
"Иә, біз Джермалл Чарломен кездесуді ұйымдастыра алмадық. Бірақ Геннадий Головкинмен ұйымдастыруға болады. Мен оны жекпе-жекке шақырамын. Мамырда жолыққанша, Головкин", - деп келтіреді Мунгияның сөзін Boxingscene.com порталы.