Бокс
20 шілде 2020 09:36
 

Жеңілмеген қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жектер туралы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Жеңілмеген қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жектер туралы мәлімдеме жасады Сурет: Top Rank©

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) алдағы жоспарлары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шілде соңында Әлімханұлы АҚШ-қа оралып, жаттығуын жалғастырмақ. Ал жыл соңына дейін қазақ боксшы үш жекпе-жек өткізбек ниетте. Бұл туралы боксшының өзі Facebook желісінде жазды. 

"Амансыздар ма, құрметті жанкүйерлер! Бұйыртса, осы айдың аяғында Америкаға аттанып жаттығуымызға кірісеміз. Жылдың аяғына дейін 3 жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Жеңісті күнде жүздесейік. Ауырып жатқандар тез жазылып, берекелі өмір сүруін тілейміз!", - деп жазыпты спортшы. 

Еске салайық, 28 наурыз Квебекте (Канада) Әліханұлы ганалық Исса Самирге (18-0, 15 КО) қарсы жекпе-жекте WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғау керек болатын. Алайда коронавирусқа байланысты бұл кездесу өтпей қалды.

Кейінгі рет Жәнібек рингке былтыр қарашада АҚШ-тың Фресно қаласында шығып, алтыншы раундта канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) нокаутқа түсірген. 

blog.share
Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) алдағы жоспарлары туралы айтып берді, - деп хабарлайды 
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


Шілде соңында Әлімханұлы АҚШ-қа оралып, жаттығуын жалғастырмақ.
Ал жыл соңына дейін қазақ боксшы үш жекпе-жек өткізбек ниетте.
Бұл туралы боксшының өзі Facebook желісінде жазды.
 

"Амансыздар ма, құрметті жанкүйерлер! Бұйыртса, осы айдың аяғында Америкаға аттанып жаттығуымызға кірісеміз.
Жылдың аяғына дейін 3 жекпе-жек өткізу жоспарда бар.
Жеңісті күнде жүздесейік.
Ауырып жатқандар тез жазылып, берекелі өмір сүруін тілейміз!", - деп жазыпты спортшы.
 

Еске салайық, 28 наурыз Квебекте (Канада) Әліханұлы ганалық Исса Самирге (18-0, 15 КО) қарсы жекпе-жекте WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғау керек болатын.
Алайда коронавирусқа байланысты бұл кездесу өтпей қалды.


Кейінгі рет Жәнібек рингке былтыр қарашада АҚШ-тың Фресно қаласында шығып, алтыншы раундта канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) нокаутқа түсірген.
 

Жарнама

Живи спортом!