АҚШ-тың Атлантик-Сити қаласындағы бокс кешінің басты айқасында жартылай орта салмақтағы екі чемпион америкалық Джарон Эннис (34-0, 30 КО) және латвиялық Эймантас Станенис (15-1, 9 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Айқас күтпеген нәтижемен біттіБоксшылар 12 раундтық айқасқа шыққан болатын, алайда, Станенис жетінші раундқа шықпай қойды да, жекпе-жектен бас тартты.
Осылай Эннис карьерасында 34-ші жеңісіне жетіп отыр, оның отызы нокаутпен. Ал Станенис карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр, оның есебінде 15 жеңіс бар.
Бұл жеңіс арқасында Эннис жартылай орта дивизионда IBF және WBA титулдарын біріктірді. Ендігіде ол WBA белбеуін міндетті қарсылас өзбекстандық Шахрам Гиясовқа (17-0, 10 КО) қарсы қорғау керек. Шахрам осы кеште аргентиналық Франко Максимилиано Окампоның (17-3, 8 КО) нокаутқа түсірді.