Жеңілмеген америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) екінші орта салмаққа көтерілу себебін түсіндірді. Осылайша ол қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 КО) жекпе-жектен құтылып кеткен болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.
"168 фунтқа Джермалл Чарло, Калеб Плант және Давид Бенавидеспен айқасу үшін көтерілдім. Мен элиталы деңгейдегі қарсылас іздеп жүрмін. Бұл боксшының әрқайсымен тамаша жекпе-жек болатын еді. Кез келгеніне қарсы керемет айқас көрсетемін", - деп береді Андраденің сөзін FightHype.com.