Бокс
24 желтоқсан 10:37
 

Жекпе-жекке бір ай қалғанда Ахмедовтің қарсыласы ауысып кетті

  Пікірлер

blog.share

Жекпе-жекке бір ай қалғанда Ахмедовтің қарсыласы ауысып кетті ©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage/

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедовтің (22-1, 16 КО) 17 қаңтардағы жекпе-жегіне қарсыласы ауысып кетті. 

blog.share

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедовтің (22-1, 16 КО) 17 қаңтардағы жекпе-жегіне қарсыласы ауысып кетті. 

Бастапқыда Али америкалық Рональд Эллиспен (18-5-2, 12 КО) жұдырықтасу керек болған.

Алайда BoxRec мәліметінше, енді Ахмедов АҚШ-тың өзге боксшысы Малкольм Джонспен (17-4-1, 10 КО) жекпе-жек өткізетін болды. 

Ахмедов кейінгі рет 20 қыркүйек Ирландия астанасы Дублиндегі бокс кешінде жұдырықтасып, франциялық Пьер Юбер Дибомбені (22-2-1, 12 КО) төрешілердің бөлек шешімімен жеңген еді. Бұл айқаста қазақстандық боксшы нокдаунға түскен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!