Геннадий Головкиннің шілдеде Сондерспен жұдырықтасу жоспарына байланысты, Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хоя қазақстандық боксшы мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы қыркүйекке белгіленіп отырған жекпе-жек болмауы мүмкін деген қауіп білдірген. Компанияның бұрынғы атқарушы директоры Ричард Шефер әріптесінің пікіріне қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Оскар Де Ла Хоя Головкинге шілдедегі жоспарларынан бас тартуға шақырды. Оның айтуынша, бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы жарақат алып, жазылып үлгермеуі мүмкін. Оның үстіне қыркүйектегі жекпе-жекті жарнамалауға аз уақыт қалды. Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер барлығы жақсы болатынын айтады.
"Бұл мәселе бойынша Оскармен келісемін, PPV бойынша келісімдер жасау керек. Мұндайды бір-екі айда жасай алмайсың. Головкин маусымда жекпе-жек өткізіп, қалыпқа келгенше, қыркүйектегі жекпе-жекке екі ай ғана уақыт қалады. Ал негізінде кемі үш ай керек. Егер олар осы немесе келесі аптадан келіссөздерге келіп, жекпе-жек мерзімін белгілесе, ақылы трансляция жайын қазірден шеше беруге болады. Алайда "Канело" 6 мамырға белгіленген жекпе-жекте жеңіске жетпей бұлай жасай алмайды.
Головкин Қазақстанға барып, халықаралық көрме немесе басқа себептермен жекпе-жек өткізсе, Қазақстан үкіметі демеуші болады және Головкин үшін бұл маңызды... алайда, жекпе-жек өтпей қалса "Канело" мен Оскар айыпты емес. Головкин мен Леффлер кінәлі болады. Мен ешкімге жағымсынып отырған жоқпын, обьективті болғым келеді, шындық солай", - деп келтіреді Шефер сөзін BoxingScene.com.

Жарнама