Қазақстан құрамасының боксшысы Жайна Шекербекова Тұркияның Ыстамбул қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші айналымда Пуэрто-Рико елінің боксшысы Мелоди Варгаспен жұдырықтасты. Үш раунда созылған кездесуде отандасымыз жеңіске жетті. Бұл кездесуде төрешілер 5:0 деген есепті тіркеді. Осылайша, Шекербеков әлем чемпионатының екінші кезеңіне шықты.
Айта кетейік, бүгін әлем чемпионатында тағы үш боксшымыз өнер көрсетеді. Олар - Карина Ибрагимова (57 келі), Аида Әбікеева (63 келі) және Надежда Рябец (75 келі). Сонымен қатар, бүгін IBA атынан өнер көрсететін Ангелина Лукас (52 келі) шаршы алаңға шығады.