Бокс
11 мамыр 2022 17:39
 

Жайна Шекербекова әлем чемпионатының екінші кезеңіне шықты

  Пікірлер

blog.share

Жайна Шекербекова әлем чемпионатының екінші кезеңіне шықты ©Olympics.kz

Қазақстан құрамасының боксшысы Жайна Шекербекова Тұркияның Ыстамбул қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Қазақстан құрамасының боксшысы Жайна Шекербекова Тұркияның Ыстамбул қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші айналымда Пуэрто-Рико елінің боксшысы Мелоди Варгаспен жұдырықтасты. Үш раунда созылған кездесуде отандасымыз жеңіске жетті. Бұл кездесуде төрешілер 5:0 деген есепті тіркеді. Осылайша, Шекербеков әлем чемпионатының екінші кезеңіне шықты. 

Айта кетейік, бүгін әлем чемпионатында тағы үш боксшымыз өнер көрсетеді. Олар - Карина Ибрагимова (57 келі), Аида Әбікеева (63 келі) және Надежда Рябец (75 келі). Сонымен қатар, бүгін IBA атынан өнер көрсететін Ангелина Лукас (52 келі) шаршы алаңға шығады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!