Бокс
11 сәуір 11:54
 

Жарыс басталған жоқ бірақ Қазақстан боксшылары жеті жүлде жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Жарыс басталған жоқ бірақ Қазақстан боксшылары жеті жүлде жеңіп алды ©instagram.com/dauren.mamyrov

Қазақстан құрамасының жеті боксшысы Әзірбайжан астанасы Бакуде өтетін "Жібек жолы" халықаралық турнирінде кемі қола жүлдеге ілігіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының жеті боксшысы Әзірбайжан астанасы Бакуде өтетін "Жібек жолы" халықаралық турнирінде кемі қола жүлдеге ілігіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болғаннан кейін мүмкін болып отыр. Өйткені жеті боксшымысз жарысты бірден жартылай финалдан бастайды - алты бұрымды және ерлерден біреу. 

Қазақстан құрамасынан жарыс басталмай жатып жүлдеге іліккендер:

Дәурен Мамыр (86 кг);
Елянур Тұрғанова (50 кг);
Элина Базарова (54 кг);
Сымбат Әлиасқар (54 кг);
Виктория Байдукова (57 кг);
Азиза Исина (70 кг);
Дина Исламбекова (+81 кг).

Айта кетейік, Қазақстан атынан Бакудегі жарыста ерлерден 11 салмақта 20 боксшы қатысады, ал бұрымдылардан 7 салмақта 14 боксшы барады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!