Бокс
5 сәуір 2022 13:10
 

Жартылай финалға шықты. Қазақ боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді

  Пікірлер

blog.share

Жартылай финалға шықты. Қазақ боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді ©Видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Аятулла Тәкежанов Тайландтағы Thailand Open турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Қазақстандық боксшы Аятулла Тәкежанов Тайландтағы Thailand Open турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

75 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз турнирдің ширек финалында жергілікті боксшы Борворн Кадамнуанмен кездесті. Бұл жекпе-жекті отандасымыз ұпаймен жеңіске жетті. Айқас барысында Тәкежанов қарсыласын нокдаунға түсірді. 

Еске салайық, осыған дейін аталған турнирдің ширек финалында Тимур Нұрсейітов өнер көрсетіп, үндістандық қарсыласынан жеңіліп қалды. 

Ал оған дейін Қазақстан намысын қорғайтын Нұрбек Оралбай (81 келі) аталған доданың жартылай финалына шыққан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!