Бокс
27 қыркүйек 2019 14:54

Жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы Усиекпен бір бокс кешінде жұдырықтасады

© AKboxing
Жартылай ауыр салмақта WBA Super чемпионы Дмитрий Бивол рингке 12 қазанда оралады, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Ресейлік боксшының қарсыласы доминикандық Ленин Кастильо (20-2-1, 15 КО) болады, ол жартылай ауыр салмақта WBO Latino титулына ие.

Бивол - Кастильо жекпе-жегі Matchroom Boxing компаниясының Чикагода ұйымдастыратын бокс кешінің басты кездесулерінің бірі, ал шоудың басты оқиғасы бірінші аур салмақтағы бұрынғы абсолют чемпионы Александр Усиктің аса ауыр дивизионда алғаш жұдырықтасуы болмақ. Украиналық боксшы голландиялық Тайрон Спонгпен жекпе-жекке шығады.

Еске салайық, Бивол соңғы жекпе-жегінде Джо Смитті жеңген. Алдағы кездесуде ол чемпиондық белбеуін алтыншы рет қорғайды.