Жанқош Тұраров қарсыластың бірін қалдырмай сұлатқан нокаутшымен айқасады

Бірінші орта салмақта IBO және WBA Gold чемпионы Жанқош Тұраровтың (28-0, 20 КО) келесі қарсыласы белгілі болды.
Бірінші орта салмақта IBO және WBA Gold чемпионы Жанқош Тұраровтың (28-0, 20 КО) келесі қарсыласы белгілі болды.
All Stars boxing мәліметінше, 33 жастағы қазақстандық боксшы 28 қыркүйекте жеңіліп көрмеген және қарсыласының бәрін нокаутқа түсірген венесуэлалық Хесус Корреа Пинтомен (16-0, 16 КО) жекпе-жекке шығады.
Бұл айқас Almaty Arena шаршы алаңында өтеді.
Жанқош кейінгі рет былтыр желтоқсан Алматыда жұдырықтасып, жапониялық Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңді. Осының арқасында ол IBO белбеуін қорғап қалды және WBA Gold титулын иеленді.
Жарнама