Жәнібектің міндетті қарсыласы пайда болды

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) жаңа міндетті қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz.
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) жаңа міндетті қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz.
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақ рейтингін жаңартты. Осының нәтижесінде британиялық Хамза Шираз (19-0, 15 КО) жаңа тізімде отандасы Крис Юбенкті (33-3, 24 KO) екінші орынға ысырды. Ал бұрынғы тізімде екінші болған Мейірім Нұрсұлтанров үшінші орынға ығысты.
Осылайша, Шираз WBO желісі бойынша Жәнібектің титулына міндетті үміткер атанды.
Жарнама