Жәнібектің қарсыласы Қазақстанда айқасу үшін ғаламат гонорар сұрады

Британиялық боксшы Шакиель Томпсонның (13-0, 9 КО) менеджері Кевин Мари қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жепке-жек өткізу туралы келіссіөз болғанын растады.
Британиялық боксшы Шакиель Томпсонның (13-0, 9 КО) менеджері Кевин Мари қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жепке-жек өткізу туралы келіссіөз болғанын растады.
Менеджердің айтуынша, тараптар келісімге келуге жақын деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Бізге ұсыныс жасады, бірақ, ол шартатр мұндай жекпе-жекті қабылдау үшін жеткіліксіз, оның үстіне сапар да тым ұзақ болады.
Томпсон - болашақ чемпион деп ойлаймыз, сол себепті бізге қажетсіз айқасқа шығудың керегі жоқ.
Біз оның чемпион болатынына сенімдіміз, сондықтан біз алған бетімізден тайып, басқа бағытқа бет бұру үшін ұсыныс ғаламат болу керек. Ал бізге жасалғаны ондай емес. Егер екі титулы бар боксшы өзінің туған қаласында, туған елінде өте өзгеше қарсыласпен жекпе-жек өткізгісі келсе, ұсыныста ғаламат болғаны жөн.
Алайда, бұл, олай болмай тұр", - дейді Томпсонның менеджері Ring Magazine журналына сұхбатында.
Жарнама