Жәнібектің жекпе-жегі белгіленді. Қарсылас 13 нокауты бар "жолдан тайған" боксшы
Америкалық ESPN порталы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 13 шілде Лас-Вегаста жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жекке шығатынын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
Америкалық ESPN порталы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) 13 шілде Лас-Вегаста жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жекке шығатынын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
Жәнібек бұл кездесуде орта салмақта IBF және WBO белбеулерін қорғайды. Михайлович - IBF желісі бойынша міндетті қарсылас.
Әлімханұлы кейінгі рет былтыр қазанда жұдырықтасып, германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта құлатып, IBF белбеуін тартып алған.
Renegade ("жолдан тайған") лақап атты Михайлович сәуірде бірінші раундта аустралиялық Лес Шеррингтонды нокаутқа түсірді. 26 жастағы боксшы Жаңа Зеландия мен Аустралиядан бақса жерде жекпе-жек өткізіп көрген жоқ.
Жарнама