Қазақстандық Алмат Жұманов (6-0-0) кәсіпқой бокстан UBC тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атанды.
Жекпе-жек 4 сәуір күні Колумбияның Кукута қаласында өтті. Қазақстандықтың қарсыласы колумбиялық Милтон Нуньез (45-35-1). 12 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жек 1-раундта аяқталды, Алмат тәжірибелі қарсыласын 59-секундта нокаутқа түсірді.
Еске салайық, Милтон Нуньез, бұған дейін 2010 жылы Геннадий Головкинмен, 2016 жылы Жәнібек Әлімханұлымен шаршы алаңға шыққан.
Жарнама