Жәнібекке 14 нокауты бар жеңілмеген қарсылас табылды

ESPN сарапшысы Фернандо Барбоса орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) қарсылас бола алатын боксшылар туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
ESPN сарапшысы Фернандо Барбоса орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) қарсылас бола алатын боксшылар туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Твиттер желісін қолдануышлардың бірі Барбосадан Әлімханұлының британиялық Хамза Ширазбен (18-0, 14 КО) жекпе-жегі туралы не ойлайтынын сұрады.
"Маған Шираздың көбірек жекпе-жегін көру керек. Бірақ кейінгі айқасында есте қалатындай жұдырықтасты. Қуатты және физикалық күші орта салмақ үшін өте керемет. Әлімханұлымен жекпе-жек өткізсе ғаламат болатын еді. Бұл уақытқа дейін Шираз көлеңкеде елеусіз жүрген", - деп жазыпты Барбоса.
Жарнама