Жәнібеке титул жинауға бәсекелес қазақ боксшы айқасқа қашан шығатыны айтылды

WBC ұйымының орта салмақ рейтингінде бірінші тұрған қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың (20-0, 11 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.
WBC ұйымының орта салмақ рейтингінде бірінші тұрған қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың (20-0, 11 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Vesti.kz.
Боксшының командасына жақын дерекөз мәліметінше, Мейірім рингке биыл мамырда оралады. Алайда жекпе-жек орны мен қарсылас есімі әзірге белгісіз.
Мұның алдында Нұрсұлтанов келесі айқасын орта дивизионда WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) өткізетіні туралы ақпарат тараған еді.
Еске салайық, бұл салмақта IBF және WBO белбеулері Жәнібек Әлімханұлында (15-0, 10 КО).
Жарнама