Доминиканалық Карлос Адамес (22-1, 17 КО) пен мексикалық Хуан Масиас Монтиэль (23-6-2, 23 КО) арасындағы орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін жекпе-жек нкаутпен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
АҚШ-тың Карсон қаласында өткен кездесу үшінші раундта аяқталды. Төреші айқасты тоқтатып, Адаместің техникалық нокаутпен жеңілгенін тіркеді. Осылайша, доминиканалық боксшы "уақытша" чемпион атанды.
Еске салайық, орта салмақта екі қазақстандық боксшы - Головкин Геннадий мен Жәнібек Әлімханұлы чемпион. 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнуммен айқаста Жәнібек WBО ұйымының "уақытша" чемпионы атағын иеленген. Одан кейін қазақ боксшы ұйымның толыққанды чемпионы болды.