Германияның Ной-Ульме қаласындағы Ratiopharm Arena шаршы алаңында өткен бокс кешінде WBO тұжырымы бойынша Еуропа чемпионы атағы үшін жекпе-жек болды, деп жазады Vesti.kz.
Орта салмақта бос болған белбеу үшін германиялық Винченцо Гуальтьери (24-1-1, 8 КО) мен оның отандасы Александр Павлов (22-5, 16 КО) жұдырықтасты. Қарсыластар 12 раунд толық айқасып, төрешілер шешімімен Гуальтьери жеңіске жетті - 116-113, 116-113 және 115-114.
Еске салайық, 2023 жылы Гуальтьери IBF чемпионы болып тұрғанда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлынан (16-0, 11 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңілген болатын.