Жәнібек кәсіпқойда өзге қазақпен не үшін айқасатынын айтты

Орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Tengri Sport сайтына берген сұхбатында сарапқа титул салынса, кіммен болса да, тіпті қазақ боксшымен де жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.

Қазіргі таңда Жәнібекте WBO және IBF белбеуі бар, ал оның басты мақсаты төрт титулды жинап, абсолют чемпион атану екенін бірнеше рет айтқан еді.
- Мейірім Нұрсұлтанов WBC тұжырымы бойынша орта салмақта титулды айқасқа шығуы ықтимал. Егер ол осы белбеуді алып кетсе, сіз абсолют атану арманыңыз үшін онымен айқасасыз ба?
"Қазақстанға абсолют чемпион керек. Қазір жанкүйерлер маған үлкен сенім артуда, барлық төрт белбеуді Жәнібек жинай алатынына сенеді.
Қазір менде екі титул бар, ал енді барлық жанкүйерлердің арманын орындау үшін мен кез келген чемпионмен айқасуға дайынмын", - дейді Әлімханұлы.
Жарнама