Жәнібек Канеломен жекпе-жеке дайындала бастағанын айтты

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) суперорта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альвареспен (61-2-2, 39 КО) жекпе-жекке дайндалатынын айтады, деп жазады Vesti.kz.

Айта кетейік, Жәнібек 13 шілде Лас-Вегаста жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 KO) жекпе-жек өткізеді. Бұл айқаста Әлімханұлының белбеулері сарапқа салынады.
"Мен тек 13 шілдеге дайындалып жатқан жоқпын. Мен Канелоға дайындалып жатырмын!", - деп жазыпты Әлімханұлы твиттер желісінде Александр Усикпен кездесуі мен сапррингінің видеосының астына.
I'm not only preparing for July 13th. I'm preparing for Canelo! pic.twitter.com/qQ6vqq6I1W
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) June 6, 2024
Жарнама