Бокс
8 сәуір 09:36

Жәнібек жекпе-жекті Астанада өткізгені үшін қанша гонорар алғаны айтылды

©Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) Астанадағы жекпе-жегі үшін қанша табыс тапқаны айтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Титулды сәтті қорғау

Жәнібек Қазақстанда титулдардын қорғаған алғашқы боксшы болып отыр. Ол IBF рейтингінде жетінші болған франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) жұдырықтасты. 12 раундқа есептелген айқас бесінші раундта нокаутпен бітті


Әлімханұлы қанша табыс көрді?

Sporty Salaries мәліметінше, бұл жекпе-жек үшін 32 жастағы қазақстандық кепілді 500 мың доллар (255 миллион теңге) алды. Ал егер ақылы трансляция (PPV) сатылымы 750 мың PPV-ден асса, Жәнібектің табысы 3,5 миллион долларға дейін баруы мүмкін. 

Сатылым одан да жоғары болса, онда Әлімханұлының гонорары 5 миллион долларға дейін барып қалуы да ықтимал. 

Жәнібектің қарсыласы қанша алды?

Нгамиссенгенің Қазақстандағы жекпе-жегі үшін кепілді гонорары 350 мың долларды құрады. Егер ақылы трансляция сатылымы 700 мың доллардан асса, франциялықтың да табысы артып, гонорары 900 мың долларға дейін барады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport