Жәнібек жаңа чемпионды айқасқа шақырамын деп қатқыл жауапқа ұрынды
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) чемпионды айқасқа шақырамын деп қатқыл жауап алды, деп жазады Vesti.kz.
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) чемпионды айқасқа шақырамын деп қатқыл жауап алды, деп жазады Vesti.kz.
WBC америкалық Джермалл Чарлоны (33-0, 22 КО) көлікті мас күйде айдап, жол апатына түсіп және оқиға орнынан қашқаны үшін чемпион атағынан айырып, оны осыған дейін "уақытша" чемпион болып келген доминиканалық Карлос Адамеске (23-1, 18 KO) берді.
"Карлос Адамес, менің клубыма қош келдің. Құттықтаймын! Енді сен әлем чемпионысың, ендеше жекпе-жек ұйымдастырайық. Айқасқа шығайық! Біз дайынбыз! Төрт белбеу! WBC, IBF, WBO және The Ring", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде.
Адамес жауап күттірген жоқ:
"Құттықтауыңа рахмет, бірақ сен қандай клубты айтып отырсың? Егер элиталы клуб болса, сен оған әлі онда емессің. Титулммен рахаттануға бір күн де бермедің ғой. Тағы үшеу - еш қиындық жоқ", - дейді доминиканалық.
Жарнама