Жәнібек айқасқысы келетін чемпион өзге қазақ боксшымен жұдырықтасатын болды
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) титулды жекпе-жектерді белгілеу бойынша жаңа мәліметтер жариялады, деп жазады vRINGe.com.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) титулды жекпе-жектерді белгілеу бойынша жаңа мәліметтер жариялады, деп жазады vRINGe.com.
Осылай ұйымның орта салмақта чемпионы Карлос Адаместі (24-1, 18 КО) қиын сынқатар күтіп тұр - ол қатарынан екі қорғау өткізу керек болады. Ақпан айында ол жеңілмеген британиялық боксшы Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) айқасады.
Ал одан кейін чемпиондық айқасқа кезекте қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) тұр. Жеңіліп көрмеген қазақ боксшы осы мүмкіндігін ұзақ күтті.
Оқиға қалай өрбитіні белгісіз:
Бір қызығы Шираз доминиканалық чемпионды жеңіп, одан кейін IBF және WBO титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлымен айқасқа шығатынын айтқан еді.
Нұрсұлтанов кейінгі рет 2023 жылы қарашада жұдырықтасыпты, ол кезде чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңген боалтын. Ал 2024 жылы Мейірімнің белгіленген жекпе-жегі өтпей қалып, ол былтыр сол күйі рингке шықпады.
Жарнама