Бокс туралы жазатын украиналық vRINGe.com сайты көпшілік күтетін жылдың 20 жекпе-жегін атады.
Олардың қатарында орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен британиялық Хамза Шираздың (21-0, 17 KO) да айқасы бар."№14 Жәнібек Әлімханұлы vs Хамза Шираз. Сарапқа не салынады? 72,6 келідегі екі титул.
Неге рейтингте он төртінші? Егер Шираз шынымен біз ойлағандай мықты болса, оп-оңай болмаса да Карлос Адаместі WBC белбеуінен айырады. Ал содан кейін әрине Әлімханұлымен жұдырықтасқанын көргіміз келеді.
Бірақ Riyadh Season-да Жәнібекті еш көзге ілмей отыр. Шираз Әлімханұлымен жекпе-жекке шығуға сөз беріп қойса да, Хамзаның өзіне ештеңе байланысты емес екендігін жақсы білеміз. Хамзаға міндетті түрде Крис Юбенк сияқты біреуді тауып береді... Сондықтан бұл айқастың мүмкіндігі 1/5", - деп жазыпты дереккөз.