Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі белгіленді
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әдімханұлының (16-0, 11 КО) рингке қашан оралтыны белгілі болды.
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әдімханұлының (16-0, 11 КО) рингке қашан оралтыны белгілі болды.
Brunch Boxing мәліметінше, Жәнібек ESPN арнасындағы Top Rank өткізетін бокс кешінің хедлайнері болу үшін келесі жекпе-жегін наурыз айында өткізеді. Бұл айқас туралы толық ақпарат кейін белгілі болады.
WBO бекіткен міндетті қарсылас британиялық Хамза Шираз (21-0, 17 KO) жекпе-жектен бас тартқаннан кейін Әлімханұлы өзіне жаңа қарсылас іздеуге мәжбүр.
Үш титул үшін айқас:
Наурыздағы кездесуден кейін қазақстандық боксшы орта дивизионда WBA титулы үшін кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) немесе 22 ақпанда өзара айқас өткізетін WBC чемпионы доминиканалық Карлос Адамес (24-1, 18 КО) пен Хамза Шираз жекпе-жегінң жеңімпазымен жұдырықтасады.
Жарнама