Британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жек өткізе алмаса не істейтінін айтты.
Неге Бентли Жәнібекпен міндетті түрде айқасқа шығу керек:"Егер мен Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасу мүмкіндігімді ала алмасам, кіші Крис Юбенкпен айқасқым келеді. Мен үлкен жекпе-жектерге дайынмын", - деп жазыпты Бентли әлеуметтік желіде.
2024 жылы желтоқсанда Бентли орта дивизионда WBO титулына міндетті үміткерді анықтайтын айқаста отандасы Брэд Полсты (19-2-1, 11 КО) жеңген болатын. Дензел карьерасында 21 жеңіске жетіп, оның он жетісін нокаутпен аяқтаған.
Бүған дейін WBO Жәнібекке міндетті қарсылас ретінде британиялық Хамза Ширазды белгілеген болатын, алайда, ол жекпе-жектен бас тартты.
Осыдан кейін Дензел Бентли міндетті қарсылас атану мүмкіндігін алды. Жәнібек пен Бентли 2022 жылы Лас-Вегаста бір рет жұдырықтасқан еді. Ол кезде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті, алайда, бұл Әлімханұлы үшін ауыр айқас болды.