Бокс
14 қаңтар 12:30
 

Жәнібек Әлімханұлының 17 нокауты бар міндетті қарсыласы өз шартын айтты

  Пікірлер

blog.share

Жәнібек Әлімханұлының 17 нокауты бар міндетті қарсыласы өз шартын айтты ©tittlepress.com

Британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жек өткізе алмаса не істейтінін айтты. 

blog.share

Британиялық боксшы Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жекпе-жек өткізе алмаса не істейтінін айтты. 

"Егер мен Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасу мүмкіндігімді ала алмасам, кіші Крис Юбенкпен айқасқым келеді. Мен үлкен жекпе-жектерге дайынмын", - деп жазыпты Бентли әлеуметтік желіде. 

Неге Бентли Жәнібекпен міндетті түрде айқасқа шығу керек:

2024 жылы желтоқсанда Бентли орта дивизионда WBO титулына міндетті үміткерді анықтайтын айқаста отандасы Брэд Полсты (19-2-1, 11 КО) жеңген болатын. Дензел карьерасында 21 жеңіске жетіп, оның он жетісін нокаутпен аяқтаған. 

Бүған дейін WBO Жәнібекке міндетті қарсылас ретінде британиялық Хамза Ширазды белгілеген болатын, алайда, ол жекпе-жектен бас тартты. 

Осыдан кейін Дензел Бентли міндетті қарсылас атану мүмкіндігін алды. Жәнібек пен Бентли 2022 жылы Лас-Вегаста бір рет жұдырықтасқан еді. Ол кезде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті, алайда, бұл Әлімханұлы үшін ауыр айқас болды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!