Жәнібек Әлімханұлын елемей жүрген әлем чемипионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (30-0, 18 КО) IBF және IBO титулына ие Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (30-0, 18 КО) IBF және IBO титулына ие Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алайда Андраде 19 қараша АҚШ-та титулын ирландиялық Джейсон Куиглиден (19-1, 14 КО) қорғау керек. Ал Головкин желтоқсанда WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасады.
"Қолымнан келетіні ары қарай да жеңістерге жету. Рингке шығып, жұмысымды істеу, сенсациялы күйде болу. Сосын ары қарай жүре береміз. Егер орта салмақта белбеуің болса - кеттік! Өкілдеріңіз Эдди Хирнмен хабарлассын. Сылтау айта бергенше, іспен айналысайық. Боксшысың ба, онда жұдырықтасайық бауырым. GGG, қайдасың? Муратамен титулдарыңды біріктір де, үш белбеуіңді менімен айқасқа тік. "Канело" сен жартылай ауыр салмаққа қашып кетпекпісің? Ол жерде де сені күтіп ала аламын. Алдымен белбеуімді қорғап алайын", - деп береді Андраденің сөзін Boxing247.com.
Жарнама