Жәнібек Әлімханұлы үш титул үшін қашан айқасатынын айтты
Кәсіпқой бокстан WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз дивизионындағы өзге титулдардың иегерлеріне қатысты ойын айтты.
Кәсіпқой бокстан WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз дивизионындағы өзге титулдардың иегерлеріне қатысты ойын айтты.
Жәнібек олардың өзінен қашып жүргенін мәлімдеді.
"Чемпиондар менімен айқасқысы келмейді. Мен екі титулды қорғаймын. Бір жекпе-жектен кейін бір чемпионды ұстай аламын деген ойдамын", - деп жазыпты Жәнібек X әлеуметтік желісінде.
Мұның алдында Жәнібек келесі жекпе-жегін наурыз айында өткізетіні айтылды.
Айта кетейік, Әлімханұлының салмағында WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада (31-3-3, 19 КО), ал WBC доминиканалық Карлос Адаместе (24-1, 18 КО).
Қазақстандық боксшы былтыр бір ғана айқас өткізді
Жәнібек кейінгі рет 2024 жылы 4 қазан Аустралияның Сидней қаласында жұдырықтасып, жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түмсірген еді.
Жарнама