Жәнібек Әлімханұлы өзіне әлем чемпионын қарсылас етіп таңдады

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) осы дивизионда WBA титулына ие кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін жазды.
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) осы дивизионда WBA титулына ие кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін жазды.
"Лара туралы не ойлайсыздар? Менімен жекпе-жекке шыға ма? Әлде ол да қашып кете ме?", -деп жазыпты Жәнібек X әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Лара 2023 жылы Геннадий Головкин карьерасын аяқтағаннан кейін WBA белбеуін иеленген еді.
Лара кейінгі рет қыркүйекте жұдырықтасып, америкалық Данни Гарсияны (37-4, 21 KO) жеңді.
Жарнама